10 қараша күні Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектеп қабырғасында «Менің төрешілерім – уақыт пен халық» атты III қалалық Бауыржан оқулары өткізілді. Ақтөбе қаласы Алматы ауданына қарасты 33 мектеп қатыстырылған қалалық байқауға 100-ге жуық оқушылар қатысты. Байқау көркемсөз оқу, ұлттық аспапта өнер көрсету және бейнелеу өнері бағыттары бойынша өткізілді.
Әскери қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлін насихаттау, халық қаһарманы үлгісі арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру, шығармашылық қабілеттерін айқындау мақсатында өткізілген байқау педагогтер мен оқушылар арасында қызығушылық тудырды.