Әдістемелік жұмыс жоспары

ZERDELI GROUP пен «Ақтөбе қалалық білім бөлімінің» “Эксперименттік алаң — Гибридтік Оқыту” жобасы аясындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің 3а,3б класс оқушылары тапсырған 1-тесті сәтті өтті.
 
 
Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 13 наурызда ағылшын тілі пәні мұғалімі, шеберхана жетекшісі Мусина Салтанат Коянбаевнаның жетекшілігімен «Ағылшын тілін оқытуды цифрлық технологиялар арқылы интеграциялау» тақырыбындағы облыстық шеберхананың үшінші отырысы өтті.
 
Іс-шараға Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Назерке Болатқызы және мектеп директоры Маншук Болатовна Досжанова , сондай-ақ облыс аудандары мен қала мектептерінен келген ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.
 
Шеберхананың мақсаты: Заманауи цифрлық құралдарды пайдалана отырып, сабақ құрылымын тиімді жобалау дағдыларын дамыту және мұғалімдердің әзірлеген шығармашылық жобаларын қорғау арқылы іс-тәжірибе алмасу.
 
Бағдарлама аясында келесі мәселелер қарастырылды:
 
Ресми бөлім: Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Назерке Болатқызы мен мектеп директоры М.Б. Досжанованың алғысөзімен басталды.
Сергіту сәті: С.К. Мусина қатысушыларға арналған «Smart Start: Connect & Create» атты белсенділік жаттығуын өткізді.
Ойын технологиялары мен жобалау: А.Ж. Сәтбаева (Ойыл ауданы) Bingo ойыны мен цифрлық платформалар арқылы сабақты жобалау жолдарын көрсетсе, Ж.Н. Нурлыбаева (Сазды ОМ) ESL оқушыларының мотивациясын арттырудағы Game-Based Learning әдісімен бөлісті.
Жасанды интеллект мүмкіндіктері: А.С. Назарова (№28 МГ) Quizalize, Notebook LM және character.ai құралдарын таныстырды.
AI арқылы трансформация: Х.Қ. Базарғали (Алға ауданы) жасанды интеллект арқылы сабақ құрылымын өзгерту жолдарын ұсынды.
Инновациялық тәсілдер: Г.Қ. Қыраубаева (Шалқар ауданы) Gemini AI платформасындағы «Vibe coding» тәсілін ағылшын тілі сабағында қолдану ерекшеліктерін көрсетті.
Шеберхана соңында қатысушылар кері байланыс жасап, заманауи цифрлық ресурстарды оқу үрдісіне енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстар алды. Іс-шараны облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері Назерке Болатқызы қорытындылады.
 
 

Пайдалы сілтемелер

«tilqural.kz» «Abai.institute» «Tilmedia.kz» «Balatili.kz» «Emle.kz» , «Тermincom.kz» «Sozdikqor.kz» «Qazcorpora.kz» «Qujat.kz» «Atau.kz» «Qazlatyn.kz» «Tilalemi.kz»