Ата-анамен жұмыс

Ата-аналарды-педагогикалық-қолдау-орталығы-жарты-жылдық-есеп

АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

05.12.2023 күнi Бауыржан Момышұлы атындағы #62 жалпы білім беретін орта мектебінде бастауыш,орыс тілі,ағылшын тілі бiрлестiгiнiң «Келешек кiлтi -кемел бiлiмде» атты декада аясында «Отбасы-ұлттың тiрегi «атты бастауыш класс ата-аналарының қатысуымен коучинг өткізілдi.
Мақсаты:
1.Баланың бүгiнгi iстеген қадамы ертеңгi тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп,ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру;
2.Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау,өз балаларының болашағы туралы пікірлерiн тыңдау.
4.Балаларының бойына ұлттық құндылықтарды сiңiре отырып , жүйелі тәрбие беру:
4.Ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту.
Коучинг ұйымдастырушылары:
Калуова Б.Б- бастауыш класс мұғалімі,
Насумова З.С- бастауыш класс мұғалімі
Маханова Д.М- орыс тілі пәні мұғалімi

 

05.12.23 ж бастауыш класс бірлестігі, ағылшын тілі және орыс тілі бірлестігінің «Келешек кілті —кемел білімде» атты декада жоспарына сәйкес «Әкешім менің— мақтанышым» тақырыбында 1 кластар арасында сыныптан тыс шара өткізілді.
Мақсаты: отбасындағы әке орнының ерекше екендігін ұғындыру; әке мен қыз бала арасындағы қарым— қатынасты нығайту.
Іс— шараға 1″А»,1″Ә»1″Б»класының әкелері мен қыздары қатысты. Әкелердің кішкентай ханшайымдарымен «Әке мен қызы» биін билеп көтеріңкі көңіл күймен ашылды.
Әкелер «Танысу» тренингі, «Шаш үлгісі» ситуациялық жағдай, шығармашылық жұмысқа белсене қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Шара соңында әкелердің әсем әнін тыңдап, жылы лебіздерін білдірді.
Жауапты ұйымдастырушылар: 1 класс жетекшілері Бакишева Г. Т, Тогузбаева А. Д.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан қаласында өткен екінші құрылтайында “Біртұтас тәрбие бағдарламасын “енгізу туралы айтқан болатын, соның ішінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын құру туралы ұсыныс білдірді. Осыған орай Бауыржан Момышұлы атындағы 62 ЖББОМ мектебінде ата- ана орталығы құрылып қазіргі таңда мектептің барлық іс шараларына қатысып, соның бірі мектеп кезекшілігі, ұзақ мерзімді жобаларға ат салысуда.

01.12.2023 күні Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебiнде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау кабинетi ашылды.
Сол ұсыныс негізінде бүгін мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау кабинетi өз жұмысын бастады. Осы кабинеттiң ашылуына орай лента қию рәсімін
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бертлеуова Нургуль Лескенқызы мен мектебіміздің ардагер ата-анасы Құлсүгіров Есенбай Құлсүгірұлы кабинет лентасын қиды, үлкен ақсақалдан бата алып, ата-аналармен атқарылған жұмыстың әрі қарай жанданып жүргізілуіне өз ұсыныстарын білдірді.
Мектеп жанындағы ұйымдастырылған би және ән, домбыраға қатысатын оқушылар үлесімен “Үкілі домбыра” ансамбльінің әнімен және ата-аналар мен оқушылардан ұйымдастырылған мерекелік шарамен жалғасын тапты.

Пайдалы сілтемелер

«tilqural.kz» «Abai.institute» «Tilmedia.kz» «Balatili.kz» «Emle.kz» , «Тermincom.kz» «Sozdikqor.kz» «Qazcorpora.kz» «Qujat.kz» «Atau.kz» «Qazlatyn.kz» «Tilalemi.kz»