2026 жылғы 5 наурызда Бауыржан Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ музыка пәні мұғалімі,шығармашыл ұстаз Алпысбаева Гулбакыт Жанузаковна ұйымдастырған “Музыка сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары” тақырыбындағы қалалық шеберхананың жабылу рәсімі өтті.



Шеберхана мазмұны теориялық бөлімнен басталып,практикалық кезеңде “Сиқырлы әуендер платформасы” М.Ғабдуллин атындағы №70 ЖББОМ  музыка пәні мұғалімі, “Музыка сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану жасанды интеллект”, “ЖИ көмегімен музыкалық викториналар,кроссвордтар мен тесттер құрастыру” Байдышева Ұлзира Дәстенқызы, Орынбаева Нурсая Кулатаевна Ж.Тәшенов атындағы №68ЖББОМ музыка пәні мұғалімдері, “Жасанды интеллект арқылы кері байланыс берудің заманауи үлгілері”Суйеуов Сисенбай Егизбаевич №47 ЖББОМ  музыка пәні мұғалімі, “Жасанды интеллект және музыка”Баймағамбетова Самал Сержановна №5 ЖББОМ  музыка пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар белсенділік танытып,жоғары деңгейдегі шығармашылық нәтижелер көрсетті. Шара соңында ұстаздар қалалық білім бөлімі тарапынан сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. Шеберхана отырысына атсалысқан барлық ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.

Пайдалы сілтемелер

«tilqural.kz» «Abai.institute» «Tilmedia.kz» «Balatili.kz» «Emle.kz» , «Тermincom.kz» «Sozdikqor.kz» «Qazcorpora.kz» «Qujat.kz» «Atau.kz» «Qazlatyn.kz» «Tilalemi.kz»