Тексерілді: ________
| Бөлім | Тірі ағзалардың қоректенуі | |||||||||||
| Педагогтың аты-жөні | Кыдырова Ақгүл Еркінқызы | |||||||||||
| Күні | 20.11.2025 | |||||||||||
| Сынып: 7 «Б» | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | ||||||||||
| Сабақтың тақырыбы | Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы | |||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.2.1 жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру | |||||||||||
| Сабақтың мақсаты
|
Жапырақтың құрылысы мен қызметін сипаттайды;
Жапырақтың құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты ажыратады |
|||||||||||
| Құндылықтар | Адал азамат:
— Әділдік және жауапкершілік — Жасампаздық және жаңашылдық |
|||||||||||
| Сабақ барысы: | ||||||||||||
| Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
| Басы
3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу Психологиялық ахуал қалыптастыру Онлайн генератор арқылы оқушыларды топқа бөлу. Үй тапсырмасы «Дұрыс және бұрыс» әдісі арқылы сұралады. |
Мұғаліммен амандасады, оқушылар бір – бірімен түрлі қимылдар арқылы амандасады.
Сайттағы тізім бойынша топтарға бөлінеді. Оқушылар тұжырымдардың «дұрыс немесе бұрыс» екендігін анықтайды. |
Бағалау парағы арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушылар: -тұжырымдардың «дұрыс/бұрыс» екендігін анықтайды. 1б |
АКТ
Топ тізім; Сілтеме: |
||||||||
| Жаңа сабаққа кіріспе
8 мин
|
Ұжымдық жұмыс. «Демонстрация» әдісі
Демонстрация ретінде бөлме өсімдігі қолданылады. Оқушыларға миға шабуыл сұрақтары қойылады. ü Өсімдіктің қай бөлігі жасыл түсті? ü Бұл өсімдікке жарық не үшін қажет деп ойлайсыңдар? ü Неліктен жапырақтар пішіні мен түсі бойынша әртүрлі? ü Жапырақ өсімдік үшін қандай қызмет атқарады деп ойлайсыңдар? ü Өсімдік су мен қоректік заттарды қайдан алады, ал жапырақтың рөлі қандай?
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты тұжырымдалады.
«Жасанды интеллект» әдісі. Жапырақтың құрылысы мен қызметі туралы мультфильм көрсетіледі.
Жаңа сабақ презентация арқылы түсіндіріледі.
|
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша берілген ақпараттармен танысады. |
АКТ
Сілтеме: |
|||||||||
| Ортасы
30 мин
|
(Топтық жұмыс) Тапсырма 1. «Ойлан . Топтас . Бөліс»әдісі. Жасанды интеллект:Biorender.com
Әр топ берілген «Жапырақтың құрылысы мен қызметі» тақырыбында оқулықпен жұмыс жасайды. Кейін топ ішінде талқылап, постер жасап қорғайды. 1-топ: Жапырақтық қызметі
2-топ: Жапырақтың құрылысы
3-топ: Жапырақтағы зат тасымалы
|
Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды. Топ ішінде мәтінді оқып, талқылайды.
Постер құрастырады және топтық таныстырылым жасайды. |
Дескриптор
Білім алушылар: —жапырақтың қызметін сипаттайды. 2б -жапырақтың құрылысын атайды. 2б -жапырақтағы зат тасымалын түсіндіреді. 2б |
Оқулық, үлестрмелі материалдар | ||||||||
| (Жұптық жұмыс) Тапсырма 2. «Жасанды интеллект» құралдары арқылы әзірленген 3д форматтағы деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
Жапырақтың құрылысы мен қызметін зерттейді. 1-топ: 2-топ: 3-топ: |
Оқушылар берілген тапсырманы дескрипторге сүйене отырып, орындайды. | Дескриптор
Білім алушылар: — Жапырақтың құрылысы мен қызметін біледі.3б
|
АКТ, үлестірмелі материалдар. | |||||||||
| Функциональды сауаттылық (Жеке жұмыс) Тапсырма 3. Мәтінмен жұмыс
Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері өсімдікке қажет мөлшерден аз. Сондықтан көмірқышқыл газының мөлшерін көбейтіп, фотосинтез қарқындылығын да арттыруға болады. Жалпы атмосферада көмірқышқыл газы мөлшерінің артуы өте қауіпті, себебі бұл «жылыжай әсерін» — климаттың ғаламдық жылынуы мен мұздықтардың еруін тудыруы мүмкін. Сондықтан көмірқышқыл газы шығарылатын ЖЭО(жылу электр орталығы), зауыт, автомобиль және теміржол маңайына өсімдіктерді отырғызу маңызды болып табылады. Біздің ғаламшарымызда халық саны қарқынды өсуде, жалпы табиғатқа кері ықпал күшеюде. Жапыраққа қонатын шаң-тозаң мен өнеркәсіптік газдар фотосинтез қарқындылығын едәуір төмендетеді екен. Кейбір деректер бойынша жоғары температурада ластанған аудандарда дән массасы 15%-ға төмендеуі мүмкін. і) Мәтінді оқыңыз. Берілген мәтінді негізге ала отырып, кестені толтырыңыз
|
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
Мәтінді оқиды, кестені толтырады. |
Дескриптор
Білім алушылар: -Көмірқышқыл газының рөлін анықтайды. 1б — Көмірқышқыл газының мөлшерін арттыратын факторларды анықтайды. 1б -«Жылыжай әсерінен» сақтау шараларын анықтайды. 1б
|
АКТ, мәтін, кесте | |||||||||
| Бекіту | «Learning apps» әдісі арқылы тақырыпты бекіту.
|
Оқушылар берілген сурет бойынша жапырақтың ішкі құрылысын сәйкестендіреді | Дескриптор
Білім алушылар: -берілген сурет бойынша жапырақтың ішкі құрылысын сәйкестендіреді. 1б |
https://learningapps.org/view26784622 | ||||||||
| Сабақтың соңы
4 мин |
Рефлексия. «Білім шамы»
Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын білдіреді. Үй тапсырмасы: §20 Жапырақтың құрылысы мен қызметі оқу |
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | сабақ соңында жиналған жалпы ұпай бойынша әр оқушы 1-10 балдық шкаламен бағаланады | ![]() |
||||||||










