Ашық сабақ Суесинова А.



Тексерілді:

Бөлім Координация және реттелу
Педагогтың аты-жөні Суесинова Айдана Муханбетовна
Күні 20.11.2025ж.
Сынып: 11 «Б» Қатысушылар саны Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы: Гормондардың әсер ету механизмі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 11.1.7.2 – гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру
Сабақтың  мақсаты Инсулиннің әсер ету механизмін сипаттайды,яғни инсулиннің мембраналық рецепторлар арқылы нысана-жасушада глюкоза алмасуын реттеуін түсіндіреді.

Эстрогеннің әсер ету жолын түсіндіреді,яғни оның жасушаішілік рецепторлармен байланысып, ядро деңгейінде гендердің экспрессиясын белсендетуін сипаттайды.

Құндылықтар Әділдік және жауапкершілік

«Жауапкершілік – адамгершілік қасиетінің көрінісі»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты Педагогтің іс — әрекеті Білім алушының іс — әрекеті Бағалау Ресурстар
Басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу

  «Тәтті көңіл күй»  жағымды әсер қалдыру мақсатында оқушылардың көңіл күйін көтеру.

Үй тапсырмасы «Жүзік ойыны» әдісі арқылы сұралады.

Мұғаліммен амандасады, шағын топтар  бір – біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, тілек айтады.

Сұрақтарға жылдам түрде жауап береді.

«Үш шапалақ» әдісі

 

 

 

 

 

1-10 балл аралығында формативті бағалау

Презентация
Ортасы

35  мин

 

Жаңа сабақ.

—          Гормон туралы не білесіздер?

—          Қандай түрлері бар?

Жаңа сабақ. Экранда көрсетілген мәлімет бойынша сабақ түсіндіреді.

ЖИ арқылы тақырыпқа түсіндірме береді. Бейнеролик

Тапсырмалар.

3 топқа арналған кейс-стади (инсулин және эстроген механизмдері). Әр кейсте қысқа дерек, тапсырма, жауап тезистері және 3 балдық бағалау бар.

Топ 1. «Жаттығудан кейінгі гипергликемия»

Кейс: 16 жастағы оқушы. Дене шынықтырудан кейін де қандағы глюкоза 8,9 ммоль/л. Дене салмағы жоғары, белсенділігі төмен. Дәрігер «инсулинге жауап төмендеуі» мүмкін дейді.

Тапсырма:

  1. Инсулин рецепторының түрін және байланысқаннан кейінгі сигнал тізбегін ата.
  2. Глюкозаның жасушаға енуін күшейтетін негізгі қадамды түсіндір.
  3. 2 ұсыныс жаса: өмір салты/тамақтану/дәрілік емес түзету.

Топ 2. «Инсулин артықтығы және гипогликемия»

Кейс: Қант диабеті бар жасөспірім инсулин дозасын артық салған. 30 минуттан соң: діріл, тершеңдік, әлсіздік.

Тапсырма:

  1. Инсулиннің метаболикалық әсерлерін жазыңдар (гликоген/май, глюконеогенез).
  2. Неге гипогликемия пайда болды? Сигнал тізбегінің 1–2 қадамын ата.
  3. Жедел көмек: алғашқы 5 минутта не істеу керек?

Топ 3. «Эстроген және гендік жауап»

Кейс: 15 жастағы қызда етеккір циклі кеш басталған, сүйек минералды тығыздығы төмен. Қанда эстрадиол төмен.

Тапсырма:

  1. Эстрогеннің жасушаішілік рецептор арқылы әсер ету тізбегін схема түрінде жазыңдар.
  2. Неліктен эстроген жетіспесе сүйек әлсірейді? Гендік деңгейде түсіндіріңдер.
  3. Эстроген мен инсулин әсер етуінің 3 айырмашылығын атаңдар (рецептор орны/жылдамдық/нәтиже).
Оқушылар 9 сыныптағы және 10 сыныптағы алған білімдерін еске ала отырып жауап береді.

Мәтінді немесе кейс-жағдайды оқиды, негізгі ақпаратты анықтайды.

Топ ішінде өз пікірін білдіреді, дәлел келтіреді.

Гормонның әсер ету тізбегін сызба немесе кесте түрінде көрсетеді.

Нәтижені талдап, қорытынды шығарады.

Топтар өз шешімдерін сынып алдында қысқаша қорғайды (ауызша 1–2 сөйлеммен).

Мәтінді немесе кейс-жағдайды оқиды, негізгі ақпаратты анықтайды.

Топ ішінде өз пікірін білдіреді, дәлел келтіреді.

Гормонның әсер ету тізбегін сызба немесе кесте түрінде көрсетеді.

Нәтижені талдап, қорытынды шығарады.

Топтар өз шешімдерін сынып алдында қысқаша қорғайды (ауызша 1–2 сөйлеммен).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау (3 б):

К1 Рецептор/автофосфорлану/жолды дұрыс атайды – 1 б

К2 GLUT4 транслокациясын түсіндіреді – 1 б

К3 Екі негізделген ұсыныс жазады – 1 б

 

Бағалау (3 б):

К1 Әсерлерін кемі 3 тармақпен жазады – 1 б

К2 Себебін сигнал қадамдарымен байланыстырады – 1 б

К3 Дұрыс жедел әрекетті атайды – 1 б

Бағалау (3 б):

К1 Тізбекті толық және ретімен жазады – 1 б

К2 Сүйекке әсерін гендік тұрғыда түсіндіреді – 1 б

К3 3 нақты айырмашылықты көрсетеді – 1 б

Презентация

Презентация

ЖИ көрсетілім  https://youtube.com/shorts/0IK4npLhIPQ?feature=share

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Жұптық жұмыс) Тапсырма 2. «Эстрогеннің әсер ету жолы»

Нұсқау:
Берілген мәтінді пайдаланып, эстрогеннің жасушада әсер ету механизмін түсіндіріңдер.
Кестені толтырыңдар.

Кезең Не болады? Нәтиже
1. Эстроген жасуша мембранасы арқылы өтеді Майда еритін болғандықтан, тікелей цитоплазмаға енеді Эстроген рецепторымен байланысады
2. Эстроген-рецептор кешені түзіледі Ядроға өтеді және ДНҚ-ның белгілі гендеріне әсер етеді Гендердің экспрессиясы белсендіріледі
3. Белок синтезі жүреді Рибосомада жаңа нәруыздар түзіледі Мысалы, жұмыртқа түзуге немесе сүт бездерінің дамуына қатысатын нәруыздар түзіледі
Берілген сілтеме арқылы LearningApps тапсырмасын ашады.

Эстрогеннің әсер ету кезеңдерін сәйкес келетін сипаттамалармен жұптастырады.

Қате жауап болса, түзетіп, дұрыс сәйкестендіруді орындайды.

Нәтижесін бірге талқылап, қорытынды шығарады.

Бағалау парағына өз ұпайын белгілейд

 

Бағалау критерийі мен дескрипторлар   (3 балл)

Критерий Дескриптор Балл
К1. Эстрогеннің жасушаға ену жолын сипаттайды Эстрогеннің майда еритін қасиеті арқылы цитоплазмаға өтетінін дұрыс атайды 1
К2. Рецептормен байланысу және ядроға өту процесін сипаттайды Эстроген-рецептор кешенінің ДНҚ-мен әрекеттесіп, гендерді белсендіретінін түсіндіреді 1
К3. Нәтижесін анықтайды Эстроген әсерінен жаңа нәруыздар түзілуін және жасуша қызметінің күшеюін атап өтеді 1
Барлығы   3 балл
https://learningapps.org/watch?v=pr7d0w6hn25

  (Жеке жұмыс) Тапсырма 3.  Тапсырма:

Қант диабетінің симптомдары мен биохимиялық өзгерістерін түсіну 

Мәтін:Қант диабеті — ағзада зат алмасу процестерінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Бұл жағдайда науқастарда клиникалық белгілердің бірі – полиурия (зәрдің шамадан тыс бөлінуі), полидипсия (шөлдің күшеюі), және полифагия (шамадан тыс аштық сезімі) байқалады. Қандағы қант деңгейі жоғарылап, гипергликемия дамиды, ал зәрде қанттың пайда болуы (гликозурия) мүмкін. Қант диабетінде бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауы күшейіп, нәруыздар мен майлардың биосинтезі баяулайды. Ұлпаларда глюкозаның тотығу жылдамдығы төмендеп, қандағы холестерин және басқа да липидтердің мөлшері артады.

Диабет кезінде майлар май қорынан шығарылады, аминқышқылдарынан көмірсулар синтезделеді (глюконеогенез), және кетон денелері шамадан тыс түзіледі (кетонурия). Инсулин енгізгеннен кейін бұл ауытқулардың көбісі жойылады, бірақ гормонның әсері уақытша болғандықтан, оны үнемі қолдану қажет.

Тақырып: Қант диабетінің биохимиялық негіздері
Жағдаят:
Оқушылар мәтінді оқып, қант диабетінде ағзада жүретін биохимиялық өзгерістерді талдайды.

Сұрақтар:
1.Мәтінге сүйене отырып, инсулиннің ағзадағы негізгі қызметін сипатта.
2.Неліктен қант диабеті кезінде қандағы глюкоза деңгейі жоғарылайды, бірақ жасушаларда энергия тапшылығы сезіледі?
3️ Диабет кезінде май мен нәруыз алмасуы неге бұзылады және бұл өзгерістердің салдары қандай болуы мүмкін?

Мәтінді мұқият оқиды.

Негізгі белгілер мен биохимиялық өзгерістерді анықтайды.

Сұрақтарға өз түсінігі бойынша жауап жазады.

Топта немесе жұбымен пікір алмасады.

Қорытындыны дәптерге немесе бағалау парағына жазады.

Бағалау критерийлері және дескрипторлар (3 балл):

Критерий Дескриптор Балл
К1. Инсулин қызметін түсіндіреді Инсулиннің глюкозаны жасушаға өткізіп, энергия түзілуін қамтамасыз ететінін дұрыс сипаттайды 1
К2. Қант деңгейінің жоғарылау себебін түсіндіреді Инсулин жетіспегенде глюкоза жасушаға енбей, қанда жиналатынын, ал энергия тапшылығы пайда болатынын түсіндіреді 1
К3. Май және нәруыз алмасу өзгерістерін талдайды Диабет кезінде май мен нәруыз ыдырауы күшейетінін және кетон денелері, холестерин көбейетінін сипаттайды 1
Барлығы   3 балл
Презентация
Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

 «3/2/1»:

1. Мен білетін үш нәрсе …

2. Мені таңқалдырған екі нәрсе …

3. Болашақта тереңірек қарастыратын бір нәрсе….

 

Үйге  тапсырма: тест тапсырмаларын құру.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. Кері байланыс:

«QR»   тәсілі арқылы

Пайдалы сілтемелер

«tilqural.kz» «Abai.institute» «Tilmedia.kz» «Balatili.kz» «Emle.kz» , «Тermincom.kz» «Sozdikqor.kz» «Qazcorpora.kz» «Qujat.kz» «Atau.kz» «Qazlatyn.kz» «Tilalemi.kz»