13.10.2025 ж мектепішілік бақылау жоспар бойынша математика, информатика және физика пәндерін оқытудың жағдайы мен білім сапасын бақылау мақсатында 5 “Ә” класында информатика пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: екілік ақпаратты ұсыну.
Сабақтың мақсаты: компьютерге арналған барлық ақпарат екілік түрінде ұсынылғанын түсіндіру.
Пән мұғалімі Нағашығали А.М
Сабақты бақылаушылар: мектеп директоры М.Б.Досжанова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары А.А.Адилова,А.Т.Қанымбаева,директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Жетписбаева.


