
2022-2023 оқу жылына бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар
| № | Мекеме атауы | Бос лауазым атауы | Сағат жүктемесі | Оқу тілі | Тұрақты, уақытша орын |
| 1 | №62 ЖББОМ | Информатика | 16 (сағат) | қазақ | Тұрақты |
Мектеп директоры: Б.Ж.Нуртазина
Педагогтерді жұмысқа қабылдау
Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебіне педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
— Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайты арқылы білуге болады;
— Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
— Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған.
Ақтөбе қаласы. Ш.Уәлиханов 12, тел 730439, 8778 856 6048, 8705 630 5477
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe


