Бауыржан Момышұлына арналған қалалық V оқулары



2025 жылдың 11 желтоқсан күні «BILIM QAZYNA» КММ және «Бауыржан Момышұлы атындағы № 62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ұйымдастыруымен Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы ,стратег және тактик Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Ұшқан ұя» романы бойынша қаламыздың 8-10 сынып оқушыларына арналған «Менің төрешілерім-уақыт пен халық» атты қалалық V Бауыржан оқулары байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
 Даңқты қолбасшы , майдангер- жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық ата – дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау, эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау;
 Рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, жас таланттарды анықтау;
 Оқушылар арасында майдангер жазушы Бауыржан Момышұлы шығармаларын насихаттай отырып, дарынды балаларды қолдау, отансүйер, білімді , рухы берік азаматтарды тәрбиелеу;
Байқау тест түрінде өткізілді. Қатысушыларға «Ұшқан ұя» романы бойынша барлығы 30 сұрақтан тұратын 2 нұсқада тест берілді. Сайысқа Ақтөбе қаласы бойынша 8-10 сынып оқушыларынан 52 оқушы қатысты. Сайыс қортындысы бойынша жеңімпаз деп танылған қатысушылар Ақтөбе қаласы, «BILIM QAZYNA» КММ бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Пайдалы сілтемелер

«tilqural.kz» «Abai.institute» «Tilmedia.kz» «Balatili.kz» «Emle.kz» , «Тermincom.kz» «Sozdikqor.kz» «Qazcorpora.kz» «Qujat.kz» «Atau.kz» «Qazlatyn.kz» «Tilalemi.kz»