Магистрлер мектебінің жылдық жұмыс жоспары

Мақсаттары:

Мектептегі әріптестеріңізге  әдістемелік көмек көрсету,өз білімін жетілдіру,

шығармашылықпен жұмыстану арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру.Шығармашыл ұстаздарды командалық жұмысқа дағдыландыру.Мобильді, ізденімпаз,іскер болуға бағыттау.
Күтілетін нәтиже:

Мектеп мұғалімдері кәсіби шеберлікке, командалық жұмысқа бағытталады,Жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және ізденімпаз маман ретінде қалыптасады.

Шығармашыл ұстаздардың  педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде  дамиды, креативті, шығармашыл,мобильді маман ретінде қалыптасады.Білімді, мәдениетті,іскер маман ретінде білім кеңістігінде жаңалықтар еңгізуге, өз білімін жетілдіру қажеттілігін түсінеді, жұмыстанады.

Тақырыбы Мерзімі Түрі Жауапты
1  

Нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс 

Тамыз Құжаттармен  

жұмыс

Мектеп әкімшілігі

 

2 Магистрлер мектебінің жұмыс жоспарын  құрып , бекіту Тамыз Жоспар бекіту Асан Н.П.
 

 

Мектептің құжаттарымен:

1.ішкі тәртіп ережесімен;

2.еңбек тәртібі міндеттерімен;

3.лауазымдық міндеттерімен;

4.жеке келісім-шарттарымен

5.пән және сынып жетекші міндетімен таныстыру

Қыркүйек  Практикум Магистрлер 

 

4 Нормативтік-құқықтық және оқу бағдарламалық құжаттармен таныстыру;

Дәптерлерді және  күнделіктерді тексеру талаптары.

 

Қыркүйек  Практикум Магистрлер
5 «Жаңғыру жолында» семинар-коучинг Қазан Семинар-коучинг Асан Н.П.

Магистрлер

6  «Жаңартылған білім беру мазмұны»

«Сабақта тәртіпке қалай қол жеткізуге болады?»  

Қараша Коучинг 

Құжаттармен жүмыс

Пікірталас

Асан Н.П.

Магистрлер

7 Магистрлердің  күнделікті сабақ жоспарын қадағалау.  Уақытында  Сабаққа қатысу Мектеп әкімшілігі
8 Мұғалім портфолиосы. Портфолио мазмұны.  Портфолио презентациясы

(жас мамандарға әдістемелік құжаттарын жабдықтауға көмектесу)

Қараша  

Портфолио жасақтау

Асан Н.П.

Магистрлер

9 Ұрпақтар сабақтастығы:

«Педагогикалық имидж»

Желтоқсан  Дөңгелек үстел Мектеп әкімшілігі

Ардагерлер кеңесінің мүшелері

10 «Шебер-сынып»,  дөңгелек үстелдер, практикум, семинарлар,  іскерлік ойындар ұйымдастыру. Ақпан  Тәжірибе алмасу Асан Н.П.

Магистрлер

11 «Үйренерім көп  менің» өзге мектеп магистрлерімен  

 тәжірибе алмасу

      Үнемі

 

Семинарларға қатысу

Тәжірибе алмасу

Мектеп әкімшілігі
12 «Мұғалім тәжірибесін зерттеу»  ІІ-ІІІ тоқсан  

Тәжірибеден өту

Асан Н.П.

Мектеп әкімшілігі

13 «Біз бір командамыз» 

Ұраны:«Бәріміз біріміз үшін,біріміз  бәріміз үшін!»

Наурыз Тимбилдинг Магистрлер
14 «Мен жас маман ретінде қалыптасуымда  қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім»  Сәуір    Дөңгелек үстел Асан Н.П.
15 «Мен не үйрендім» -жас мамандардың  жыл бойы жүргізілген жұмыстары бойынша есебі.    Мамыр

 

Магистрлер    

  есебі

 

Магистрлер
16 Магистрлер жұмысын қорытындылау. 

Келесі оқу жылының жоспарын жасау

 Маусым   Шығармашылық есеп Асан Н.П.

Магистр жаднамасы

  • Кабинетке қоңыраудан ерте келіп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза екеніне, көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз. Оқушылардың сізбен ұйымдасқан түрде сәлемдесуіне (тұрып) жол табыңыз, жағымды психологиялық орта орнатыңыз.Ұйымдастыру кезеңіне аз уақыт жұмсауға тырысыңыз.
  • Электронды журналды қоңыраудан бұрын  ашып қойыңыз. 
  • Сабақты ерекше жігермен бастаңыз. Сабақты әрбір оқушы бос болмайтындай етіп жүргізіңіз.
  • Оқушыларға материалды қызықты, мазмұнды өткізіп ойлауға бағыттаңыз. Оқуында кедергісі бар  оқушыларға өз күшіне сенуге көмектесіңіз. Бүкіл сыныпты қадағалаңыз.  
  • Білім бағасын іскерлікпен  дәлелдеу  арқылы  бағалаңыз. Жоғары баға алу үшін не нәрсені  көбірек білу керек  екенін айтыңыз.Критерийлерді атаңыз.
  • Сабақты қоңыраумен бірге бітіріңіз. 
  • Артық айтылатын ескертуден сақ болыңыз.
  • Оқушыларды қолдаңыз, сыйлаңыз.

 

Пайдалы сілтемелер

«tilqural.kz» «Abai.institute» «Tilmedia.kz» «Balatili.kz» «Emle.kz» , «Тermincom.kz» «Sozdikqor.kz» «Qazcorpora.kz» «Qujat.kz» «Atau.kz» «Qazlatyn.kz» «Tilalemi.kz»