Әдістемелік қоржын

31 наурыз 2026 жыл, сағат 13.00де №4  әдістемелік кеңес өтті.
Күн тәртібінде:
1.  Оқушылардың ғылыми жұмыс жобаларымен жұмыс жасау деңгейлерін  бақылау. Н.О.Баймен
2. Мектеп педагогтарының қалалық семинарларға, конкурстарға қатысуы.Ж.Б.Жетписбаева3.  Мұғалімдердің кәсіби дамуы және өзін-өзі жетілдіруі (Авторлық бағдарлама, әдістемелік құрал, электронды орта). Тарих бірлестігі
4. Белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы озық тәжірибемен бөлісу.Жаратылыстану бірлестігі
5.4-сынып оқушыларын жаңа жағдайларға бесінші сыныпқа бейімдеу шеңберінде жоспарлау, бұйрықпен таныстыру. Ж.Б.Жетписбаева

«Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада жүлдегерлерін марапаттау, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру және ұстаз еңбегін дәріптеу мақсатында «Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне мектептен барлығы 58 оқушы қатысып, оның 27-сі жүлделі орындарға ие болды.

5–6 сыныптар бойынша 12 оқушы қатысып, 9 оқушы жүлдегер атанды:

  • Алғыс хат – 4 оқушы

  • II орын – 2 оқушы

  • III орын – 3 оқушы

7–8 сыныптар бойынша 18 оқушы қатысып, 10 оқушы жүлдегер атанды:

  • I орын – 1 оқушы

  • II орын – 1 оқушы

  • III орын – 6 оқушы

  • Алғыс хат – 2 оқушы

9–10–11 сыныптар бойынша 28 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлдегер атанды:

  • I орын – 2 оқушы

  • III орын – 5 оқушы

  • Алғыс хат – 1 оқушы

Бұл жетістіктердің артында шәкіртке бағыт-бағдар беріп, білім нәрімен сусындатқан білікті де тәжірибелі ұстаздардың еңбегі жатыр. Ұстаздарға алғысымыз шексіз!

Құрметті оқушылар!
Сіздердің бүгінгі жетістіктеріңіз – ертеңгі үлкен жеңістердің бастауы.
Білім жолындағы талпыныстарыңыз бен ізденістеріңіз ешқашан толастамасын!

Облыстық шеберхананың екінші онлайн отырысы өтті

Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебі ұйымдастыруымен 2025 жылғы 16 қаңтар күні ағылшын тілі пәні мұғалімі, шеберхана жетекшісі Мусина Салтанат Коянбаевнаның «Ағылшын тілін оқытуды цифрлық технологиялар арқылы интеграциялау» тақырыбындағы облыстық шеберханасының екінші отырысы онлайн форматта өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері Назерке Болатқызы, мектеп директоры Досжанова Маншук Болатовна және облыс аудандарынан келген ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Шеберхананың мақсаты – ағылшын тілін оқытуда цифрлық технологияларды тиімді қолдану, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Бағдарлама аясында төмендегі бағыттар қамтылды:

  • Ресми бөлім – Назерке Болатқызы мен мектеп директоры М.Б. Досжанованың алғысөзі.

  • Сергіту сәті – «Short Energizing Activity “Think Fast, Think English”» (С.К. Мусина).

  • Жасанды интеллект құралдары – «Gemini. Artificial Intelligence» тақырыбындағы ақпараттық сессия (С.К. Мусина).

  • Ойын технологиялары – «Umaigra: тапсырмадан — табысты сабаққа» (М. Бақиқызы).

  • Интерактивті платформалар – «Lumi платформасы арқылы H5P: пассив тыңдаушыдан белсенді орындаушыға» (Қ.Т. Кудасова).

  • Мультимедиялық құралдар – «ActiveInspire – мультимедиялық материалдарға бай сабақтарды жасаудағы тиімді құрал» (А.Б. Маханова).

  • Рефлексия – «AI-Based Reflection» (М.Т. Хайруллаева).

Шеберхана барысында қатысушылар Gemini, Umaigra, Lumi және ActiveInspire сияқты заманауи цифрлық ресурстармен танысып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақта тиімді қолдану жолдарын қарастырды. Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, әдістемелік қоржындарын жаңа құралдармен толықтырды.


Педагогтерді аттестаттау бойынша әдістемелік отырыс өтті

2025 жылғы 28 қарашада педагогтерді аттестаттау рәсімінен өтетін мұғалімдермен әдістемелік отырыс ұйымдастырылды.

Отырыс барысында аттестация комиссиясының педагогтің кәсіби құзыреттілігін бағалау критерийлері түсіндірілді. Сонымен қатар, орта білім беру ұйымдары үшін авторлық материалдарға қойылатын талаптар, педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру (растау) тәртібі туралы ақпарат берілді.

Жиында «ҰСТАЗ» педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы, e-portfolio электрондық платформасы, білім сапасын қамтамасыз ету, жетістіктерді жинақтау және тарату, оқу-әдістемелік материалдар негізінде тәжірибе тарату, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстары туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына бағыт-бағдар беріп, аттестаттауға дайындық үдерісін жүйелеуге мүмкіндік берді.

2025 жылдың 18 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығы және «Бауыржан Момышұлы атындағы № 62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ұйымдастыруымен Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы ,стратег және тактик Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ұстаздарға арналған «Менің төрешілерім-уақыт пен халық» атты облыстық V Бауыржан оқулары байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Тау тұлғалы Бауыржан Момышұлының шығармаларын кеңінен насихаттау, батыр есімін ұлықтау; Педагогтердің кәсіби-педагогикалық шығармашылығын шыңдау және шығармашылықпен жұмыс жасайтын креативті педагогтерді анықтау.
Байқау 2 кезеңмен өткізілді. I кезең – Бауыржан шығармаларынан үзінді оқу(поэзия,проза т.б шығармалардан үзінді оқу); II кезең – Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігіне арнап эссе жазу;
Байқауға Ақтөбе облысы бойынша 48 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған қатысушылар Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығынан бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

15.12.25ж күні Емжарова Гульдана Газизовна ның “Тарих сабағында жасанды интеллект : мүмкіндіктері мен артықшылықтары” тақырыбындағы қалалық шебер-класының 2 -отырысы өтті. Мақсаты: Мұғалімдердің жасанды интеллект құралдарын тарих пәнінде тиімді қолдануға үйрету, кәсіби өсуіне жағдай жасау, тиімді және сапалы сабақ әзірлеу кезінде кәсіби қолдау көрсету. “Практикалық дағдылар – ЖИ құралдарымен жұмыс” тақырыбындағы шебер -класс отырысында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Елтоқова Назерке психологиялық ахуал жасап мұғалімдердің көңіл күйін көтерді. Шебер-класс ұйымдастырушысы Емжарова Гульдана Газизовна Gloze testing, classtome.com, remove bg жасанды интеллект желілерімен тапсырма орындау әдісін көрсетсе, №80 ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Төремуратова Н. Х. Teachshare.com жасанды интеллект арқылы тапсырмалар құру әдісін, №36 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тайман Жанар Fliki ai , Coggle.it ментальды карта жасау туралы жасанды интеллектіні қалай қолданатынын айтып өтті. Қатысушылар белсенді қатысып, көптеген мағлұматтар алды. Шебер -класс соңында кері байланыс алынып қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.
Шебер-класс жетекші: Емжарова Г.Г.

2025 жылдың 11 желтоқсан күні «BILIM QAZYNA» КММ және «Бауыржан Момышұлы атындағы № 62 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ұйымдастыруымен Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы ,стратег және тактик Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Ұшқан ұя» романы бойынша қаламыздың 8-10 сынып оқушыларына арналған «Менің төрешілерім-уақыт пен халық» атты қалалық V Бауыржан оқулары байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
 Даңқты қолбасшы , майдангер- жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық ата – дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау, эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау;
 Рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, жас таланттарды анықтау;
 Оқушылар арасында майдангер жазушы Бауыржан Момышұлы шығармаларын насихаттай отырып, дарынды балаларды қолдау, отансүйер, білімді , рухы берік азаматтарды тәрбиелеу;
Байқау тест түрінде өткізілді. Қатысушыларға «Ұшқан ұя» романы бойынша барлығы 30 сұрақтан тұратын 2 нұсқада тест берілді. Сайысқа Ақтөбе қаласы бойынша 8-10 сынып оқушыларынан 52 оқушы қатысты. Сайыс қортындысы бойынша жеңімпаз деп танылған қатысушылар Ақтөбе қаласы, «BILIM QAZYNA» КММ бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінде 30.10.2025 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Мусина Салтанат Коянбаевнаның «Ағылшын тілін оқытуды цифрлық технологиялар арқылы интеграциялау» тақырыбында облыстық шеберхананың ашылуы және бірінші отырысы өтті. Шеберхана отырысына Аскербекова Акгуль Аскербековна, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері және облыстың барлық аудандарынан және қала мектептерінен ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінде 30.10.2025 күні физика пәні мұғалімі Касымова Зарипа Жумагалиевнаның “Физиканы оқытуда жоба әдісін қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру” тақырыбында облыстық шеберхананың ашылуы және бірінші отырысы өтті. Шеберхана отырысына облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Б.Ж.Бозшин және облыстың барлық ауданынан физика пәні мұғалімдері қатысты.

 

16.05.2025.күні “BILIM QAZYNA”КММ жылдық жоспарына сәйкес “Білім беру жүйелеріне тың өзгерістер енгізудің негіздері мен нәтижелері”тақырыбындағы Бауыржан Момышұлы атындағы “№ 62 орта мектебі” КММ бастауыш класс мұғалімі, педагог-сарапшы А.М.Урынбаеваның шығармашылық шеберханасының қорытынды отырысы өткізілді. Шеберхана отырысын “Bilim QAZYNA “КММ әдіскері Г.У.Миндалина және
мектеп директоры М.Б.Досжанова ашты. Шеберхана мүшелері оқушылардың белсенділігін арттыруда, сыни ойлау дағдыларын дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы топпен жұмыс жасалды.Шеберхана мүшелері сабақ түрлерін көрсетіп,барлық жұмыс түрлеріне шолу жасалып,іс-тәжірибелерімен бөлісті.Жұмыс соңында кері байланыс алынып,шеберхана мүшелеріне сертификаттар табысталды.

15.05.2025ж.күні “BILIM QAZYNA”КММ жылдық жоспарына сәйкес “Физиканы оқытуда жоба әдісін қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру”тақырыбындағы Бауыржан Момышұлы атындағы “№ 62 орта мектебі” КММ физика пәні мұғалімі, зерттеуші-педагог З.Ж.Қасымованың шығармашылық шеберханасының қорытынды отырысы өткізілді. Шеберхана отырысын “Bilim QAZYNA “КММ әдіскері Н.А.Қолғанатова және
мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Жетписбаева ашты. Шеберхана мүшелері оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда қолданылатын жоба әдісін тақырыптық әңгіме арқылы талқылады.Шеберхана мүшелері сабақ түрлерін көрсетіп,барлық жұмыс түрлеріне шолу жасалып,іс-тәжірибелерімен бөлісті.Жұмыс соңында кері байланыс алынып,шеберхана мүшелеріне сертификаттар табысталды.

15.05.2025 күні Қалалық орталық кітапханада”Оқыту мен бағалаудағы инновациялық технологиялар” тақырыбындағы Бауыржан Момышұлы атындағы “№ 62 орта мектебі” КММ магистрлер кафедрасының семинары өткізілді.

12.05.2025 күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтында “Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ЖИ құралдарын тиімді қолдану”тақырыбында Бауыржан Момышұлы атындағы “№ 62 орта мектебі” КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері облыстық семинар өткізілді. Семинарды Абишева Н.М. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры және Досжанова М.Б . Бауыржан Момышұлы атындағы № 62 ЖББОМ директоры ашты. Мектеп ұстаздары сабақ түрлерін көрсетіп,барлық жұмыс түрлеріне шолу жасалып,іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар оқушылардың таным белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс тәсілдерін топтық жұмыстар арқылы орындады.Қорытынды сөз мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Жетписбаева сөйледі.Жұмыс соңында кері байланыс алынып алғыс хаттар табысталды.

05.05.2025 күні “BILIM QAZYNA”КММ жылдық жоспарына сәйкес “Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру”тақырыбындағы Бауыржан Момышұлы атындағы “№ 62 орта мектебі” КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, зерттеуші-педагог Г.А.Жаманғараеваның шығармашылық шеберханасының қорытынды отырысы өткізілді. Шеберхана отырысын “Bilim QAZYNA “КММ әдіскері Б.Т.Ералина және
мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Жетписбаева ашты. Шеберхана мүшелері оқушылардың таным белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс тәсілдерін топтық жұмыстар арқылы орындады.Шеберхана мүшелері сабақ түрлерін көрсетіп,барлық жұмыс түрлеріне шолу жасалып,іс-тәжірибелерімен бөлісті.Жұмыс соңында кері байланыс алынып,шеберхана мүшелеріне сертификаттар табысталды.

2025 жылдың 24 сәуірінде “BILIМ QAZUNA” КММ-нің жоспарына сәйкес Бауыржан Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ-де физика пәні мұғалімі Касымова Зарипа Жумагалиевнаның жетекшілігімен “Физиканы оқытуда жоба әдісін қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру” тақырыбында шебер сынып өтті. Бұл шара жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Шебер сынып интерактивті формада өткізілді, ол мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыруға бағытталды. Касымова Зарипа Жумагалиевна физика пәнін оқыту барысында жоба әдісін қолданудың тиімділігін көрсетті. Ол физика пәні бойынша зертханалық жұмыс нәтижелерін цифрлық түрде рәсімдеудің, сондай-ақ физпрактикум деректерін графиктік бағдарламалар арқылы жинау және талдау процесін таныстырды. Жас мамандар бұл тақырыптар бойынша түрлі платформалармен жұмыс жасап, тәжірибелік дағдыларын арттырды.
Шебер сыныптың соңында мектеп әдіскері Ж.Б.Жетписбаева аталған шараның маңызды екендігін атап өтіп, жас мамандардың білім беру саласындағы жаңа тәсілдермен танысуына мүмкіндік берілгенін айтты. Ол мұндай шебер сыныптардың мұғалімдердің кәсіби өсуіне әсері зор екенін және өзара тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Қорытындылай келе, шебер сынып оқу үдерісіне жаңашылдық енгізу, мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.

№4  әдістемелік кеңес

Күні:  31.03.2025 ж

Уақыты:  10:00

Күн тәртібі:

  1. Мектеп педагогтарының қалалық семинарларға, конкурстарға қатысуы. Ж.Б.Жетписбаева
  1. Оқушылардың ғылыми жұмыс жобаларымен жұмыс жасау деңгейлерін бақылау. Н.О.Баймен

Мұғалімдердің кәсіби дамуы және өзін-өзі жетілдіруі. Д.М.Маханова, С.К.Мусина

03.03 күні ағылшын тілі апталығының барысында 8 “А” класс оқушыларымен ашық сабақ өткізілді.
Тақырыбы:Use of English: Modal verbs / word formation im/in/il
Мақсаты:
8.5.6.1 link, independently, sentences into coherent paragraphs using a variety of basic connectors on a range of familiar general topics and some curricular topics
8.6.14.1 use some prepositions before nouns and adjectives
use prepositions as, like to indicate manner use dependent prepositions
Пән мұғалімі: А.А.Байсалбаева

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен ‘Әкем екеуміз- супер аспазбыз” атты қалалық байқауға мектебіміздің 4 а класс оқушысы Амитжанова Фариза әкесімен қатысты. Байқау нәтижесі бойынша “Тату ұжым” номинациясымен марапатталды.

2025 жылдың 17-ақпанында “BILIМ QAZUNA” КММ-нің жоспарына сәйкес әдістемелік қолдау мақсатында Бауыржан Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ-де арнайы педагогтер және логопедтердің ұйымдастыруымен өткен “Психикалық даму тежеулігі бар балалармен жұмыс түрін ұйымдастыру” тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп директоры Досжанова Мәншүк Болатовна құттықтау сөзін айтып, сәттілік тіледі. Мектеп психологы Байжанова Ә.Қ тренинг өткізді.
Дөңгелек үстел барысында N62 мектептің арнайы педагогы Құрманғазина Г.Т «Психикалық дамуы тежелген балалармен түзете-дамыту жұмыстары», Өтешова С.М «Психикалық дамуы мен сөйлеуі тежелген балалармен жұмыс жасау барысында қолданылатын әдістер», Ф.Оңғарсынова атындағы N41 мектеп-гимназия логопеді Зинешова А.Ж «Психикалық даму тежелуі бар балалардың жалпы моторикасын дамытуға арналған тапсырмалар”, М.Ғабдуллин атындағы N70 ЖББОМ логопеді Әбсаматова Ж.Н «Психикалық даму тежелуі бар балалардың сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар»тақырыптары айтылды. Директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Жетпісбаева Жазира Берікқалиқызы қорытындылады.

Оқу-әдістемелік-жұмыс-рейтингісі

2025 жылдың 4наурызында “BILIM QAZYNA” КММ жоспарына сәйкес Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Г.Ж.Алпысбаеваның
«Домбыра-рухани мәдени қазына» атты шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы өтті. Шеберхана мүшелері музыка сабағында «Leaning Apps.org», «Talking code», «Соspaces edu»әдіс тәсілдері қолданылып,жасанды интеллект мүмкіншіліктерін пайдалана жұмыс жасады.Шебер класс өте жоғары деңгейде өткізілді.

2025 жылдың 12-ақпанында “BILIМ QAZUNA” КММ-нің жоспарына сәйкес жас мамандарды әдістемелік қолдау мақсатында Бауыржан Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ-де физика пәні мұғалімі Касымова Зарипа Жумагалиевнаның “Физика пәнін оқытуда зерттеушілік жоба әдісін қолдану” тақырыбындағы шебер сыныбының кезекті отырысы өтті. Мектеп директоры М.Б.Досжанова шебер сынып мүшелеріне сәттілік тілеп, отырысты ашып берді. Шебер сыныптың негізгі бөлімінде жас мамандарға зерттеушілік жоба әдістемесі ұсынылды. Практикалық бөлімде жас мамандар зерттеушілік жоба тақырыптарымен жұмыстанды. Шебер сынып отырысын мектеп әдіскері Ж.Б.Жетписбаева қорытындылады.

2025 жылдың 21 қаңтар күні Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінде ашылған “Озық тәжірибе”педагогикалық шеберханасының«Білім беру жүйелеріне тың өзгерістер енгізудің негіздері мен нәтижелері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған кезекті отырысы өтті.
Білім беру мазмұнына өзгерістер енгізу арқылы бастауыш сыныптарда білім беру нәтижелерін жақсарту үшін заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану мақсатында №27 орта мектеп -лицейінде өтті.

1. Психологиялық тренингі Онайбаева Нуржанат -27 орта мектеп-лицейінің бастауыш класс мұғалімі.
2. Шығармашылық жұмыс «Ертегілер елінде» -шеберхана мүшелері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Өз қиялынан туған ертегілерді оқушылары қорғады.
1. Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия «Алтын кілтше мен достықтың құпиясы» ертегісі.
Қорғаушы: Тоқтыбай Сұлтан, жетекшісі: Реисова Ж.К.
2. №16 ОМ «Үйшік» ертегісі.
Қорғаушы: Ерназаров Айдарбек, жетекшісі:Жумагалиева Ж
3. Арын ат ҚҚОМ «Шалқан» ертегісі.
Қорғаушы: Нұрлан Аружан, жетекшісі:Ильясова Ұ. С.
4. Оңғарсынова ат №41 МГ «Күн мен ай» ертегісі.
Қорғаушы: Жұмаханова Томирис, жетекшісі: Байғазиева Фариза Ерболатқызы
5. №27 ОМЛ «Түлкі мен тырна» ертегісі.
Қорғаушы: Медетқызы Айбану,жетекшісі:Онайбаева Н
6. №13 ОМ «Қайырымды жолбарыс» ертегісі.
Қорғаушы: Сералы Серхан , жетекшілері:Тілеулина Мария, Айдынғали Айдана

4. Панорамалық сабақ дүниетану пәнінен «Мектеп ережелері» тақырыбында Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш мұғалімі, шеберхана жетекшісі Урынбаева А.М.
5. «Белсенді әдіс-тәсілдер» Жұмағалиева Сандуғаш Амангелдіқызы №42 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі, педагог – сарапшы.
6. Нурлина Эльмира Есенгелдиновна №42 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі, педагог – сарапшы.

Озық тәжірибе педагогикалық шеберханасының отырысы жоғары деңгейде өтті.

2025 жылдың 17 қаңтарында “BILIM QAZYNA” КММ жоспарына сәйкес Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.А.Жамангараеваның
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру» атты шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы өтті. Шеберхана мүшелері көркем әдебиетті оқытуда комикс жанрын қолдану, ұлттық құндылықты дәріптейтін әдіс-тәсілдермен бөлісті.

«Өнерлі ұрпақ-кемел болашақ» тақырыбындағы  эстетика бірлестігі апталығының жабылу салтанаты Акт залда өтті. Апталықтың мақсаты-эстетикалық талғамды дамыту және шығармашылық қабілеттерді арттыру..Оқушылар мен ұстаздарды өнерге баулу,мектептің эстетикалық және мәдени деңгейін көтеру.Апталық аясында іс-шаралар ұйымдастырылды:Апталықтың ашылу салтанаты:Эстетика апталығы салтанатты түрде ашылды.Мектептің оқушылары концерттік бағдарламалармен қатысты.Көркем өнер байқаулары:бейнелеу өнеріндегі шығармашылық сурет көрмесі.Қолөнер бұйымдары мен дизайн жұмыстарының көрмесі.Апта бойы өткізілген ашық сабақтарға,шебер кластарға, сыныптан тыс шараларға  талдау жасалынып,қорытындыланды.Талдау жасалынған ашық сабақтар хаттамаға енгізілді.

Апталық жоспарланған деңгейде сәтті ұйымдастырылды.Барлық іс-шаралар өз уақытында және сапалы өткізілді.Эстетика апталығы оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор үлес қосты.

17.01.2025ж күні «Жарақат алу,қан және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек»тақырыбында Алғашқы әскеи дайындық пәнінен 10 «Б»класына Тажмухановтың ашық сабағы өткізілді.Тажмухановтың сабағында оқушыларға жарақат алу ,қан кету және күйік шалу кезінде алғашқы көмек көрсету дағдылары көрсетілді.Жарақат алу кезіндегі алғашқы көмек жараның түрлерін түсіндіре кетті,жараны залалсыздандыру және таңу тәсілдері көрсетілді.

17.01.2025ж күні «Әлия Молдағұлованың 100жылдығына арналған Әлия Молдағұлова атындағы музей қызметкерлерімен біріккен ,музей экспонаттарының көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі:Тажмуханов.Б.Мектебімізде Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің қызметкерлері болды.Батыр апамыздың 100 жылдық мерейтойына орай «Әлия каһармандық дастаны»жылжымалы көрмесімен таныстырды.

15 минуттық  үзілістерде көркем еңбек пәндерінен және музыка пәнінен оқушылармен көңілді қоңыраулар өткізілді. «Көңілді қоңырау»1 «А»сынып оқушылары

16.01.2025ж. күні «Үстел үсті » интеллектуалды ойыны музыка пәнінен өткізілді.Музыка пәні мұғалімі: Алпысбаева Г.Ж.

16.01.2025ж. күні «Coffee  time»  -кофемен сурет салу тақырыбында шебер класс  мұғалімдерімен өткізілді,Көркем еңбек пәні мұғалімі Ниязбекова Н.Т.

15.01.2025ж. күні «Бояулардың үйлесімділігі,ашық қоңыр түстермен табиғатты бейнелеу Пейзаж» тақырыбында шебер класс мұғалімдермен өткізілді.Көркем еңбек пәні мұғалімі Калиева Н.Т.

«Өнерлі ұрпақ-кемел болашақ» тақырыбындағы  эстетика бірлестігінің ашылу салтанаты

14.01.2025ж. күні «Маталардың түрлерін,қасиеттерін зерттеу» тақырыбында көркем еңбек пәнінен 5ә класына ашық сабақ өткізілді.Калиева Наргул Изтаевнаның ашық сабағында бірізділік принципі көрінді,мұғалім келбеті,оқушылармен өзара қарым-қатынасы қалыптасқан,өзіндік танымдық әрекеттері ұйымдастырылды,сабаққа ресурстар өте жақсы жинақталған,сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылар мата түрлерін айырып,жақсы сипаттама берілді.Теориялық білімдерін күнделікті өмірде қолдлануға жол салу,топтық тапсырмалар беру пәнаралық байланысты ескеру ұсынылды.Сабаққа 5 мұғалім қатысты, сабаққа талдау жасалынды және хаттамаға тіркелінді.

«Өнерлі ұрпақ-кемел болашақ» тақырыбындағы  эстетика бірлестігінің          

13.01.2025ж. күні АКТ залда ашылу салтанаты өтті.Ашылу салтанатында эстетикалық талғамға сай «Өнер әлемі» атты жас суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.Кештің ашылу салтанатыда мектебіміздің директоры М.Д.Болатовна және директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  Ж.Б.Жетписбаева оқушылар мен ұстаздарға апта бойы белсене қатысуына сәттілік тіледі.Салтанатты кеште  5а класс оқушылары «До Ре Ми » әнін хормен орындады және Үкілі домбыра ансамблі домбырашылары «Адай» күйін орындады.Көрермендерге қызықты сұрақтар,жұмбақтар қойылып оқушылар белсене жауап берді.

2025 жылдың 9 қаңтар күні N3 әдістемелік кеңес өтті. Күн тәртібінде:
1. І жартыжылдықтағы оқу бағдарламаларының орындалуы. Пән мұғалімдерінің білім сапасының динамикасы. Ж.Б.Жетписбаева
2. ⁠Республикалық оқушылар олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы. Г.Анық
3. ⁠І жартыжылдықтағы әдістемелік жұмыс қорытындысы. Н.Макуова, Р.Темирханова

13.12.2023 ж. күні Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінде “Әдістемелік кабинет” КММ жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаманғараева Гүлсара Әбубәкірқызының “Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру” тақырыбында шеберханасы ашылды. Мектеп директоры Досжанова Мәншүк Болатқызы алғысөз сөйлеп, лента қию рәсімін жасады. Тәжірибелік бөлімде Махамбет туралы Мұхтар Шахановтың “Нарынқұм зауалы” балладасына оқу-талдау жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында қолдану үшін тиімді цифрлық сервистер мен платформалар көрсетілді. Махамбеттің өмірінен сахналық қойылым көрсетілді.

“Келешек кілті-кемел білімде” онкүндігі барысында “Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану жолдары” тақырыбында мұғалімдер үшін шебер класс өткізілді. Бастауыш класс мұғалімі М.Мақсымова nearpod, educaplay платформаларының мүмкіндіктерімен таныстырып, merge текшесімен жұмыс жасатты. Орыс тілі пәнінің мұғалімі А. Мендакулова ‘кроссенс’ әдісін тиімді пайдалану жолдарын көрсетті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдашева Г “жасанды интеллектің” жасалу жолына тоқталды. Бастауыш класс мұғалімдері Тұрмағанбетова Қ және Л.Искакова “Менталды карта’, “Торсық” әдістерімен және “Асықтар” үстел үсті ойынымен бөлісті.

Бастауыш,орыс тілі,ағылшын тілі бірлестіктерінің “Келешек кілті-кемел білімде”атты декадының жоспары бойынша 4 кластар арасында “Көңілді қоңырау” өткізілді. Қоңырауда топпен сайыс ұйымдастырылды. Оқушылар қызығушылықпен орындады.
Өткізген: 4 класс жетекшілері

29.11.2023 күні “Келешек кілті-кемел білімде” атты декадасында ағылшын тілі пәні бойынша “Spelling bee” интеллектуалдық сайысы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын кеңейту, ауызша сөйлеу, оқу дағдыларын жетілдіру.
* оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту.
* шығармашылық қабілеттерін арттырып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын қолдана отырып, оқушылардың мәдениетаралық дағдыларын дамыту. Пән мұғалімдері: А.А.Байсалбаева , Ш.Жәнібекқызы

Бастауыш, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестіктерінің “Келешек кілті – кемел білім” атты декаданың жоспары бойынша 3-сыныптар арасында “Болашақ көшбасшысы” атты сайыс өтті. Сайыс 4 кезеңнен құралды.
Сайыстың әр кезеңін әділ-қазылар бағалап отырды. Сайыстың соңы дипломмен (бас жүлде,1,2 орын) қорытындыланды.
Ұйымдастырушы: Тәбіл.А.Ә

2023 жылдың 29 қараша күні Қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің география пәні мұғалімі А.Т.Аманкулованың «География сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдарының маңызы» тақырыбында шығармашылық шеберхана ашылды.
Мақсаты: түрлі технологиялар арқылы тәжірибе алмасу, педагогикалық шеберлікті арттыру.
Аталған шығармашылық шеберханаға «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А.Садықова мен қала мектептерінен география пәні мұғалімдері қатысты.
Шығармашылық шеберхана жетекшісі Аманкулова А.Т. келген мұғалімдермен tarsia.com, socrative.com, joyteka.com, jamboard.google.com платформаларымен таныстырып, оларды сабақта оқушылармен жеке, жұптық, топтық жұмыстарды әдіс-тәсілдермен орындатуға үйренді.
География пәнінің мұғалімдері мектеп әкімшілігіне, әдіскер А.С.Садықоваға, сондай-ақ шеберхана меңгерушісі А.Т.Аманкуловаға теориялық көмегі үшін, сонымен қатар сабақтарда практикалық жұмысты ұйымдастыруды түсіндіргені үшін үлкен алғыстарын білдірді.

27.11.2023 күні бастауыш,орыс тілі,ағылшын тілі бірлестіктерінің бірігуімен «Келешек кілті-кемел білімде»атты декаданың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында оқушылар мен мұғалімдер біріге отырып үш тілде ән шырқалып, қойылымдар қойылып,жыр оқылды. Мектеп директоры Досжанова Мәншүк Болатқызының құттықтау сөзімен басталып, оқушыларға болашақта білімді, білгір, дені сау, өз істеріне жауапкершілікпен қарайтын азамат болуларына тілек білдірді.Бірлестік жетекшілері декаданың жоспарымен таныстырып, оқушыларды осы онкүндік ішінде өтетін іс-шаралардың ойдағыдай өтуіне атсалысуға шақырды.

2023 жылдың 28 қарашасында №62 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі С.К.Мусинаның шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы №13, №71, №22, №16, №5, №70, №63, №68, №6 мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдерінің қатысуымен өтті.
Бұл жобаның мақсаты – білім беру ұйымдарында балалардың шығармашылық дамуы, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін белсенді орта құру
«Оқу мектебі – оқитын ұлт» жобасы аясында қатысушы оқушылар өз баяндамаларында оқыған кітабы туралы айтып, шағын жобаларын қорғады.
Кездесу READ x форматында өтті, келген барлық ұстаздар өз алғыстарын білдірді.

24.11.2023 күні СИНГАПУРЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҰТЫМДЫ ҚҰРАЛЫ
(әдістемелік отырыс) болып өтті.

Күн тәртібінде:
1.Тренинг -мектеп психологі Ә.Қ.Байжанова
2.Сингапур методикасының ерекшеліктері-директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р.К.Темирханова
3. «Конэрс» бұрышы- директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Макуова
4.Рефлексия (әртүрлі мәселелер)

Пайдалы сілтемелер

«tilqural.kz» «Abai.institute» «Tilmedia.kz» «Balatili.kz» «Emle.kz» , «Тermincom.kz» «Sozdikqor.kz» «Qazcorpora.kz» «Qujat.kz» «Atau.kz» «Qazlatyn.kz» «Tilalemi.kz»