6-желтоқсан күні Бауыржан Момышұлы атындағы 62 жалпы білім беретін орта мектебінің эстетика бірлестігі мен мектеп мамандарына жоспарға сәйкес “Педагогтардың эмоционалдық тұрақтылығы” тақырыбында тренинг жүргізілді. Мақсаты: Педагогтардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,өздеріне құрметпен қарау,ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату. Мектеп психологтары:А.А.Төлесін. Ә.Қ.Байжанова.
“Келешек кілті-кемел білімде” онкүндігі барысында “Ақ қағаздағы адам” техникасы 6а,6б,6в класс оқушыларымен өткізілді.Мақсаты: оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын зерттеу.Оқушылардың білімдерін тексеру,логикалық ойлауын дамыту мақсатында “Білімділік сайысы” өткізілді.”Көңілді қолшатыр” ,”Кім жылдам” психологиялық жаттығулармен психологиялық сабақ керемет өткізілді. Өткізген: психолог Айнұр Аманқызы
Арт-терапия. 24-қараша күні Бауыржан Момышұлы атындағы #62жалпы білім беретін орта мектебінің 3а класс оқушыларына “Арт-терапия” сурет жобалау әдістері жүргізілді. Мақсаты: Оқушының шығармашылық қиялын,танымдық қабілеттерін дамыту. Мектеп психологі: Ә.Қ.Байжанова.
Арт-терапия. 22-қараша күні Бауыржан Момышұлы атындағы #62жалпы білім беретін орта мектебінің 2ә класс оқушыларына “Арт-терапия” сурет жобалау әдістері жүргізілді. Мақсаты: Оқушының шығармашылық қиялын,танымдық қабілеттерін дамыту. Мектеп психологі: Ә.Қ.Байжанова.