
Шебер кластың отырысын Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры М.Б. Досжанова ашып,педагогтар үшін тәжірибе алмасудың маңыздылығын баяндады.Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Жетписбаева мұғалімдерге сәттілік тіледі.Шебер кластың 2-отырысында педагогтар жасанды интеллект мүмкіншіліктерін пайдалана жұмыс жасады.Отырыс “мен сізді,…” атты тренингпен басталып,қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын жылы сөздер айтылды.Сондай-ақ отырыс барысында Ш.Р.Сатаева №72 ЖББОМ, Ж.С.Мырзабекова М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ, Б.Т.Рысалина №76 ЖББОМ музыка пәнінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Шебер класс отырысы өте жоғары деңгейде өткізілді.


