21 қараша күні С. Бәйішев атындағы кітапхана қызметкерлері келіп, мектебімізде әскери қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ойнаған бұлт ішінде найзағайдай» атты тарихи кеш өткізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты қолбасшысы, Қазақстанның ұлттық мақтанышы Бауыржан Момышұлы — Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен теңдессіз ерлігімен әлемге танылған тұлға.
Тарихи кешке «Қазақстан өлкетанушылар одағы» облыстық филиалының өкілі Б.Б. Мырзабаев, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің «Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент» кафедрасының оқытушысы, доцент Г.Е. Елеусінова, Б. Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Т. Қанымбаева қатысып, батырдың әскери стратегиясы мен қаһармандық тұлғасы, сонымен қатар әдеби мұрасының маңызы туралы баяндамалар жасады.


