| ББҰА | Бауыржан Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ | |
| Бөлім | Заттардың тасымалдануы | |
| Педагогтың аты-жөні | Сеитжан А.С | |
| Күні | 18.11.2025ж | |
| Сынып:8 | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны |
| Сабақтың тақырыбы | Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба,күл, лейшмания,герпес | |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.4.3.1 қарапайымдылар,саңырауқұлақтар,
бактериялар мен вирустар қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін сипаттау және алдын алу шараларын сипаттау |
|
| Сабақтың мақсаты
|
· Қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар тудыратын ауруларды атайды.
· Аурулардың жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіреді. · Әртүрлі жұқпалы ауруларды салыстырып, қорытынды жасайды. |
|
| Құндылықтар | · бірлік және ынтымақ
· жауапкершілік пен ынтымақтастық |
|
| Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
| Басы
2 мин |
Ұйымдастыру кезеңі:
– Амандасу; – Оқушыларды түгендеу «Киіз үй» суреттері арқылы топқа бірігуге нұсқау береді Құндылық: Бірлік және ынтымақтастық + Жауапкершілік Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, топпен ынтымақтаса жұмыс жасайды, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды және бір-бірін әділ бағалайды. |
Мұғаліммен амандасады, оқушыларға сәттілік тілейді
«Киіз үй» суреті бойынша топтарға бірігеді. |
Мадақтау
Бағалау парағы |
презентация | ||||||||
| Үй тапсырмасын тексеру | LearningApps платформасы арқылы үй тапсырмасы сұралады
Құндылық: Жауапкершілік және ынтымақтастық |
Сұрақтарға жауап береді | Оқушы берілген сұраққа дұрыс жауап береді – 1 балл
Бағалау бағалау парағы арқылы |
Презентация | ||||||||
| Жаңа сабаққа кіріспе
3 мин
|
Жаңа білімді меңгеру кезеңі. Тақырыпты ашу идеясы «Қол жуу тәжірибесі» (реалды демонстрация)
Мақсаты:Оқушыларға жұқпалы аурулардың көзге көрінбейтін жолмен таралуын тәжірибе арқылы көрсету және жеке гигиенаның маңыздылығын ұғындыру. Өткізу барысы: 1-қадам. Дайындық: 2-қадам. Әрекет: 3-қадам. Бақылау: 4-қадам. Талқылау: “Міне, дәл осылай көзге көрінбейтін микроағзалар – бактериялар мен вирустар да адамнан адамға оңай жұғады. Сондықтан жеке гигиенаны сақтау, қол жуу, тамақ алдында тазалық – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі ең тиімді жолы. “Бүгін біз түрлі микроағзалар тудыратын жұқпалы ауруларды және олардың алдын алу жолдарын зерттейміз.” Құндылықтармен байланыс:
|
Тәжірибені бақылайды, “бактерия” рөліндегі ұнтақтың қалай таралғанын көреді.
Қол алысып немесе зат алмасу арқылы ұнтақтың өз қолына да жұққанын байқайды. Мұғалім сұрақтарына жауап беріп, жұқпалы аурулардың қалай таралатыны туралы өз ойымен бөліседі. Қол жуу мен жеке гигиенаның маңызын айтып, бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері болжайды. |
Бағалау: «Мадақтау» | Презентация
Қажетті құралдар: • Ақ бор ұнтағы немесе флуоресцентті ұнтақ (ультракүлгін шам болса, өте жақсы) • Қара қағаз немесе шам жарығы (жарық астында көрсетуге болады) • Қол сүрткіш, сабын, су құйылған ыдыс |
||||||||
| Ортасы
30 мин
|
КЕЙС-ТАПСЫРМАЛАР (3 топқа)
1-топ кейсі: «Жемістің артындағы құпия» (Саңырауқұлақ ауруы) Айсұлудың анасы базардан алма сатып алды. Бірнеше күннен кейін алманың бетінде қоңыр дақтар пайда болып, тез арада шіріп кетті. Сол шіріген бөліктер басқа жемістерге де тарай бастады. Тапсырма:
2-топ кейсі: «Ауыздағы жарақат» (Вирустық ауру) Санжар сабаққа келді, оның ерні ісіп, бетіндегі бір жерде кішкентай көпіршік пайда болған. Орны қышып, ашып тұр. Анасы “Бұл герпес сияқты…” деді. Тапсырма:
3-топ кейсі: «Су ішуден кейінгі жағдай» (Қарапайымдылар немесе Бактериялық ауру) Тоқтар ауылдағы құдықтан су ішті. Бірнеше сағаттан соң ішін тартып ауырды, құсу пайда болды, кейін температурасы көтерілді. Дәрігер бұл ішек жұқпасының бір түрі екенін айтты. Тапсырма:
Құндылық: Жауапкершілік және Ынтымақтастық |
Берілген ақпаратпен танысады.
Тапсырмаларды орындайды. Ажырату және салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Жауабын қысқаша дәлелдейді. Мәтінді бірге оқиды және жұқпалы аурулардың жұғу жолдарын талқылайды. Бос орындарды толықтыру үшін қажетті сөздерді мәтіннен табады. Жұппен пікір алмасып, ең дұрыс жауапты бірге таңдайды. Жауаптарын кестеге немесе тапсырмаға жазады. Нәтижесін басқа жұппен салыстырып, қорытынды жасайды. |
3 балдық ДЕСКРИПТОР (барлық топқа ортақ)
Барлығы: 3 балл Бағалау: «Бағалау парағы» |
Presentations, | ||||||||
| (Жұптық жұмыс) Тапсырма 2 learningApps үшін жұқпалы аурулардың жұғу жолдары мен алдын алу тақырыбына арналған дайын тапсырма Бос орынды толтырыңыз
Құндылық: Ынтымақтастық және жауапкершілік |
Мәтінді бірге оқиды және жұқпалы аурулардың жұғу жолдарын талқылайды.
Бос орындарды толықтыру үшін қажетті сөздерді мәтіннен табады. Жұппен пікір алмасып, ең дұрыс жауапты бірге таңдайды. Жауаптарын кестеге немесе тапсырмаға жазады. Нәтижесін басқа жұппен салыстырып, қорытынды жасайды. |
Бағалау критерийі:
Оқушылар жұқпалы аурулардың жұғу жолдары мен алдын алу шараларын мәтінге сүйене отырып дұрыс толтырады. ДЕСКРИПТОРЛАР 1) Бос орындарды дұрыс толтырды — 1 балл 2) Мәтіндегі мағынамен байланысты жауап берді — 1 балл 3) Құбылыстың мәнін түсініп, орынды жауап жазды — 1 балл |
Presentations, | |||||||||
|
|
(Жеке жұмыс) Тапсырма 3 – PISA-тапсырма (3 балл)
Тақырыбы: Жұқпалы ауруларды салыстырып, қорытынды жасау Мәтін (қысқа жағдай) Айдос биология сабағында үш түрлі жұқпалы ауру туралы ақпарат алды:
Айдос осы аурулардың бір-бірінен қалай айырмашылығы бар екенін түсінгісі келеді. Тапсырмалар 1. Кестені толтырыңыз (әр аурудың жұғу жолын жазыңыз). (1 балл)
2. Осы үш аурудың ортақ бір белгісін жазыңыз. (1 балл) 3. Айдосқа қорытынды жасауға көмектесіңіз: Бұл мысалдар жұқпалы аурулардың неге әртүрлі алдын алу шараларын қажет ететінін 2 сөйлеммен түсіндіріңіз.** ___________________________________________ Құндылық: Жасампаздық және Жаңашылдық Көрінісі: Оқушылар ертегі мазмұнын жаңа қырынан түсініп, иммундық жүйе әрекетін шығармашылық тұрғыда талдап, өз ойымен жаңаша байланыс орнатады.
Құндылық: Ынтымақтастық және жауапкершілік |
Бағалау дескрипторлары (3 балл)
1. Жұғу жолдарын дұрыс көрсетеді – 1 балл 2. Ауруларға ортақ белгіні анықтайды – 1 балл 3. Алдын алу шараларының неге әртүрлі болатынын ғылыми тілмен қорытындылайды – 1 балл |
оқулық, Presentations, | |||||||||
| Сабақтың соңы
4 мин |
Сабақты бекіту тапсырмалары
Рефлексия «Жи әдісі»: 1. Түсінікті … 2. Сұрағым бар … 3. Түсінбедім…. Құндылықпен байланыс: Сабақтағы еңбекқорлық, жауапкершілік және бірлескен жұмыс – Көрінісі: |
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | Бағалау парақ бойынша қорытынды баға шығару | Рефлексия | ||||||||
| 1 мин | Үй тапсырмасы: 19 тақырып |

Тексерілді:_____________________
ЕБҚ
Тақырыбы: Жұқпалы аурулар, қоздырғыштары және жұғу жолдары
I-бөлім. Бос орынды толтыр (4 тапсырма)
- Амебалық дизентерияның қоздырғышы – _______________________________.
- Дизентерия көбінесе лас __________ және жуылмаған __________ арқылы жұғады.
- Тырысқақ (холера) ауруының қоздырғышы __________________ деп аталады.
- Герпес кезінде теріде немесе __________ қабықта мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер түзіледі.
II-бөлім. «Иә / Жоқ» (6 тапсырма)
Төмендегі тұжырымдарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз.
- Дизентерия тек ауа-тамшы жолымен жұғады. ______
- Күл (дифтерия) ауруының қоздырғышы – таяқша тәрізді бактерия. ______
- Лейшманиоз маса немесе құм шіркейі шаққанда жұғуы мүмкін. ______
- Тырысқақ вибрионы тек құрғақ жерде ғана тіршілік етеді, суда өмір сүре алмайды. ______
- Герпес вирусын көп адам тасымалдағанымен, ауру көбіне суық тию, күн өту сияқты қолайсыз жағдайда ғана байқалады. ______
- Фитофтороз – саңырауқұлақтар тудыратын өсімдік ауруы, ол картоп пен қызанаққа зиян келтіруі мүмкін. ______
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Оқушының аты-жөні: __________________________________
| № | Тапсырма атауы | Бағалау түрі | Максимум | Оқушы балы | Ескертпе |
| 1 | Үй тапсырмасы (6 иә/жоқ) | Үй жұмысы | 1 балл | ____ | |
| 2 | Кейс-тапсырма (3 топқа: паразит ағзалар тудыратын ауруды анықтау) | Топтық жұмыс | 3 балл | ____ | |
| 3 | Жұптық тапсырма: жұғу жолдары мен алдын алу (бос орын толтыру – 6 сұрақ) | Жұптық жұмыс | 3 балл | ____ | |
| 4 | PISA- | Жеке жұмыс | 3 балл | ____ |
Жалпы балл: ____ / 10 балл
Үйге тапсырма
- Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына не жатады?
A) Тек вирустар
B) Тек бактериялар
C) Тек саңырауқұлақтар
D) Вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, патогендік саңырауқұлақтар - Жұқпа қоздырғыштары ағзаға көбінесе қай жолдар арқылы енеді?
A) Тек тері арқылы
B) Асқорыту және тыныс алу жолдары арқылы
C) Тек жара арқылы
D) Тек қан арқылы - Амебалық дизентерияның қоздырғышы:
A) Дизентерия амебасы
B) Тырысқақ вибрионы
C) Күл таяқшасы
D) Герпес вирусы - Амебалық дизентерия қандай мүшені зақымдайды?
A) Асқазан
B) Өкпе
C) Тоқ ішек
D) Жүрек - Дизентерия қалай жұғады?
A) Жәндіктер шағуы арқылы
B) Ауа-тамшы жолымен
C) Қан құю кезінде
D) Лас су және жуылмаған тағам арқылы - Дизентерияның негізгі алдын алу шарасы:
A) Маска кию
B) Жеке гигиенаны сақтау, қолды жуу, жеміс-жидекті жуу
C) Көп ұйықтау
D) Спортпен шұғылдану - Тырысқақ (холера) ауруының қоздырғышы:
A) Тырысқақ вибрионы
B) Дизентерия амебасы
C) Лейшмания
D) Саңырауқұлақ спорасы - Тырысқақ вибрионы ағзаның қай бөлігін зақымдайды?
A) Бауырды
B) Бүйректі
C) Аш ішекті
D) Өкпені - Тырысқақ ауруын тез зарарсыздандыратын заттар:
A) Ас содасы
B) Тұз ерітіндісі
C) Спирт
D) Хлорлы әк пен қышқыл ерітінділері - Күл (дифтерия) қоздырғышы қай типтегі микроағза?
A) Вирус
B) Таяқша тәрізді бактерия
C) Саңырауқұлақ
D) Қарапайым - Күл ауруы негізінен қалай жұғады?
A) Лас су арқылы
B) Жәндіктер шағуы арқылы
C) Ауа-тамшы жолымен, ауру адамнан
D) Қан құю арқылы - Лейшманиоз ауруы қалай беріледі?
A) Маса, құм шіркейі шағуы арқылы
B) Ауамен
C) Лас тамақпен
D) Үй жануарларын сипау кезінде - Герпестің негізгі белгісі:
A) Іштей қан кету
B) Қатты жөтел
C) Іш өту
D) Теріде немесе сілемейлі қабықта сұйықтыққа толы көпіршіктердің пайда болуы - Герпес вирусы көбінесе қай кезде белсендіріледі?
A) Тек жаз мезгілінде
B) Суық тию, күн өту, ағза әлсіреген кезде
C) Тек бала кезде
D) Тек егде жаста - Фитофтороз қандай ағзалар тудыратын ауру және көбіне қандай өсімдіктерге түседі?
A) Бактериялар, бидай мен жүгеріге
B) Вирустар, жүзімге
C) Саңырауқұлақтар, картоп пен қызанаққа
D) Қарапайымдылар, күрішке
Кілті: 1D 2B 3A 4C 5D 6B 7A 8C 9D 10B 11C 12A 13D 14B 15C



